Ерекше архитектуралық шешімдерімен танымал Дубай қаласында Ай салынбақшы. Жер серігінің репликасында керемет қонақүй, спорт сарайы және тағы басқасы орналасады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Канадалық кәсіпкер және Moon World Resorts Inc сәулет фирмасының негізін қалаушы Майкл Хендерсон биіктігі 274 метр айдың көшірмесін жасауды ұсынады. Хендерсон ұсынған жоба – «Ай» деп аталады.
Сфералық құрылымның ішінде демалыс орны мен 4000 бөлмесі бар қонақүй, 10 000 адамды қабылдай алатын спорт сарайы, туристерге серуендеуге арналған «Ай колониясы» болады. Түнде 30 метрлік тұғырда орналасқан «Ай» жарқырайды.
Жоба Дубайда орналасқан әлемдегі ең биік ғимарат (828 метр) – «Бурдж Халифамен» тамаша үйлесім табады деп жоспарлануда.

