Әнші Димаш Құдайберген Абай облысындағы алапат өртте орманшылардың қаза болуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
«Семей орманы» табиғи резарватындағы өрт салдарынан қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасына және барша дүйім жұртқа қайғырып көңіл айтамын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Алапат өрт тезірек тоқтасын!», — деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында.