Дүниежүзілік банк Түркияға 1 млрд 780 млн доллар жіберетінін мәлімдеді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
«Табиғат апатының ауқымын бағалау және бірінші кезекте қалпына келтіріліп, қайта құруды қажет ететін облыстарды анықтау үшін залал көлемін жедел бағалау басталды», делінген банк мәлімдемесінде. Мәлімдемеде 1 млрд 780 млн доллар көптеген адам шығынына, жарақат пен Түркияның оңтүстік-шығысына айтарлықтай залал әкелген зілзала мен афтершоктардан кейінгі құтқару және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге бөлінеді. Дүниежүзілік банк басшысы Дэвис Малпасс «Дүниежүзілік банк бүгін адамдардың жаппай өліміне, жаралануына және Түркияның оңтүстік-шығысы мен оның айналасына айтарлықтай залал келтірген зілзала мен одан кейінгі жерасты дүмпулерінен соң қалпына келтіру жұмысы мен көмек көрсетуге $1,78 млрд бөлетінін» айтты.
Сонымен қатар ол Дүниежүзілік банк табиғат апаттарын реттеудегі халықаралық тәжірибесіне сүйене отырып, бірінші кезекте қалпына келтірілуі тиіс облыстарды және апаттың ауқымын анықтау мақсатында залал шығынын жедел бағалауға кіріскенін жеткізді.