Среда, 27 ноября, 2024

Душанбеде Тәжікстан мен Қазақстан кәсіпкерлерінің бизнес-форумы өтеді

12 қыркүйекте Душанбеде Тәжікстан мен Қазақстан кәсіпкерлерінің бизнес-форумы өтеді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Жарияланған ақпаратқа сәйкес, қазақстандық делегация құрамында әртүрлі салалардың жеке секторының өкілдері болады. Оның ішінде тамақ өнеркәсібі (май, ұн, макарон, кондитерлік, ет өнімдерін өндіру), ауыл шаруашылығы (мал азығы), телекоммуникациялық жабдықтарды, трансформаторларды, тыңайтқыштарды, дизельдерді, металл конструкцияларын өндірушілер, тау-кен және геологиялық барлау өнеркәсібінің мамандары.

Бизнес-форумға барлығы 15 қазақстандық компания қатысады.

Бұған дейін, 25 тамызда Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Астанаға жұмыс сапарымен келіп, Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті.

Көшбасшылар сауда-экономикалық ынтымақтастық, көлік, логистика және инвестициялар мәселелерін талқылады.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған