Среда, 27 ноября, 2024

Дзюдодан ел біріншілігі өтеді

Астанада 14-17 ақпан күндері дзюдодан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Ел біріншілігі елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында болады. Жарыста 2006-2007 жылы туған жасөспірім дзюдошылар өзара бақ сынайды.

Айта кету керек, чемпионат нәтижесі бойынша 2023 жылы ел намысын Азия және әлем чемпионаттарында қорғайтын Қазақстан жасөспірімдер құрама командасы жасақталады.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған