Понедельник, 25 ноября, 2024

Екі министрліктің 300-ге жуық функциясы оңтайландырылады

Ауыл шаруашылығы, Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өткен жылғы қызметіне талдау жүргізілді.

«Өткен жылы біздің агенттік Ауыл шаруашылығы, Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қызметіне талдау жүргізді. Оның нәтижесінде Ауыл шаруашылығы, Экология және табиғи ресурстар министрлігінің 300-ге жуық функциясын оңтайландыруға, түрлі деңгейдегі 100-ге жуық комиссияны қысқартуға және орталық аппараттың функцияларын өңірлерге беруге қатысты 128 ұсыныс әзірленді», — деді Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Мүксімов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Одан бөлек, спикер орман ағаштарын кесу комитетінің қызметін өңірлік мемлекеттік орман иеленушілерге беру ұсынылғанын айтты.

«Сонымен қатар кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау үшін мемлекеттік платформаларда тегін негізде субсидия беру мүмкіндігін қарастыру ұсынылды», — дейді агенттік өкілі.

ARDA-Aqparat

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған