Екібастұзда электровоз бен жүк көлігі соқтығысты, деп жазады ARDA-AKPARAT.
Оқиға 24 қаңтар күні сағат 17.10 шамасында болды.
«Екібастұздағы Лесхоз ауылының маңында №7 шлагбаумы жоқ күзетілмейтін темір жол өткелінде 49 жастағы жүк тиегіш машинисі электровозбен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан жүк көлігінің жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды», — делінген хабарламада.
Бұл дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Ақпаратқа сәйкес, жүк тиегіш әкімдіктің мамандандырылған автотұрағына, ал электровоз депоға қойылды.