Среда, 27 ноября, 2024

Ел ішінде қызылша ауруы өршіп барады

Денсаулық сақтау министрлігі қазіргі эпидемиологиялық ахуалға алаңдаулы. Жыл басынан бері қызылша жұқтырды деген күдікпен 11 облыста 56 науқас тіркелді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Оның жиырмасы расталыпты. Қазір 7 өңірде осы дертпен ауырғандар бар. Қалғаны әлі тексеріліп жатыр.

«Алматы қаласында — 7 жағдай, Жетісу облысында — 5 жағдай, Қарағанды облысында — 3 жағдай және Астана, Түркістан, Атырау, Ақтөбе облыстарында бір-бір жағдай тіркелді қазіргі кезде. Ол — өте жұқпалы ауру. Екпеден өтпеген адамдар қызылшамен ауырған науқастармен қарым-қатынаста болса, жүз пайыз қызылшамен ауырады», — деді ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған