Четверг, 28 ноября, 2024

Елбасы кеңсесінде жұмыс істейтіндер енді мемлекеттік қызметкер деп есептелмейді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кеңсесінде жұмыс істейтін адамдардың лауазымдары мемлекеттік қызметшілердің тізімінен алынып тасталды, деп хабарлайды inbusiness.kz құжат мәтініне сілтеме жасап.

Сонымен, мемлекеттік саяси қызметшілер тізімінен:

— тұңғыш президент кеңсесінің меңгерушісі;

— бірінші президенттің көмекшілері;

— тұңғыш Президент кеңсесі басшысының орынбасарлары;

— бірінші президенттің кеңесшілері;

— бірінші президент аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары;

— Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары;

— мемлекеттік күзет қызметі бастығының бірінші орынбасары;

— тұңғыш Президент кітапханасының директоры алынып тасталды.

Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы тағайындайтын лауазымдар да алынып тасталды.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған