Четверг, 28 ноября, 2024

“Елбасы медалі” енді “Ел үміті” атауына өзгереді

Бұған дейін еліміздегі белсенді азаматтарға табысталып келген “Елбасы медалі” атауы “Ел үміті” болып өзгереді деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Құжат “Ашық НҚА” порталында қоғамдық талқылауға шығарылды.Бұған дейін тек «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры» табыстап келген «Елбасы медалін» енді Оқу-ағарту министрлігі береді. Сонымен қатар жас айырмашылығына да өзгеріс енгізілген. Яғни 29 жасқа дейін берілетін медальді 35-ке дейінгі азаматтарға да табыстау жоспарланған.

“Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі он төрт жастан отыз бес жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградтау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын ұйым (әкімші) болып айқындалсын”, – делінген құжатта.

Өзгеріске 2023 жылғы 13 ақпанда «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» ҚР Конституциялық заңының күшi жойылуы себеп болған.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған