Вторник, 26 ноября, 2024

Елдегі есірткі ахуалына әсер ететін факторлардың бірі – каннабис шикізаты

ІІМ басшысы Мәжілістегі Үкімет сағатында елдегі есірткі ахуалына әсер ететін факторлардың бірі – каннабис шикізатының болуы екенін айтты. Polisia.kz хабарлағандай, Ержан Саденов Мәжіліс депутаттарының алдында сөйлеген сөзінде елдегі есірткі жағдайына әсер ететін тағы бір фактор – бұл каннабистің өзіндік шикізат базасының (марихуана, гашиш, каннабис шайыры және т.б.) болуы туралы айтты.
– Бұл тек “Шу алқабы” туралы ғана емес, сонымен қатар елдің орталық және оңтүстік аймақтарында қарасора өсіру туралы, – деді ол. Онымен күресу үшін жыл сайын маусымнан қазанға дейін “Қарасора” операциясы жүргізіледі. Есірткі дақылдарын іздеу үшін тікұшақ техникасы, жоғары өтімді көлік, сондай-ақ пилотсыз ұшу аппараттары белсенді қолданылады. Өткен жылдан бастап жер бетін ғарыштық зондтау жүзеге асырылды. Жыл сайын осы іс-шара аясында 15 тоннадан 20 тоннаға дейін есірткі алынады. Осы жылы бұл көрсеткіш соңғы 6 жылдағы ең жоғары көрсеткішке – шамамен 37 тоннаға жетті.

ARDA-Aqparat 

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған