Среда, 27 ноября, 2024

Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде ТОП-20 теннисшіге жуықтады

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды Arda-ақпарат.

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина 22-ден 21-орынға көтерілді.

Сөйтіп ол ТОП-20 теннисшінің қатарына жуықтады.

Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева 51-орнын сақтап қалды.

Жібек Құламбаева 441-ден 444-ке сырғыды.

Әлемдік рейтингіде үздік үштікте ешқандай өзгеріс жоқ: Ига Швентек (Польша), Онс Жабер (Тунис) және Джессика Пегула (АҚШ).

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина бұрынғыша 11-сатыда тұр.

Жұптық сында ТОП-3 те өзгеріссіз: Катерина Синякова (Чехия), Вероника Кудерметова (Ресей) және Барбора Крейчикова (Чехия).

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған