Среда, 27 ноября, 2024

Елена Рыбакина алғаш рет WTA қорытынды турнирінде ойнайды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина спорттық жолында алғаш рет WTA қорытынды турнирінде ойнайды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Елена Рыбакинаның есебінде қазір 5476 ұпай бар, бұл оған аталмыш додаға қатысуға мүмкіндік береді.

WTA қорытынды жарысында Рыбакинадан басқа беларусьтік Арина Соболенко мен Польша өкілі Ига Швентек жолдама алды.

Осылайша, аталмыш турнирде Е.Рыбакина жекелей сында қазақстандық теннисшілерден тұңғыш рет өнер көрсетеді. Өткен жылы Анна Данилина жұптық сында бақ сынаған еді.

Дода биыл қазанда Чехияда немесе Сауд Арабиясында өтуі мүмкін.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған