Вторник, 26 ноября, 2024

Елена Рыбакина «Алтын адам» сыйлығының лауреаты атанды

«Спорттағы жыл серпіні» номинациясында «Қазақстандағы №1 жыл таңдауы — «Алтын адам» жеңімпазы Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина болды, деп хабарлайды Arda-ақпарат.

23 жастағы Рыбакина биыл Уимблдонның жалғыз жеңімпазы және екі WTA титулын иеленді. Елена 2022 жылды әлемдік рейтингтің 21-қатарында аяқтады.

Бұл байқау 2000 жылдан бері өткізіліп келеді. «Алтын Адам» иегерлері — белгілі бір салада жыл көшін бастағандар. Жеңімпаздарды анықтау жан-жақты ұйымдастырылады: тұрғындар арасында сауалнама, сарапшылардың дауыс беруі, ұйымдастыру комитетін талдау және қазылар алқасының мүшелерін іріктеу.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған