Қазақстанның бірінші және әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина 14-15 сәуірде Астанада Билли Джин Кинг кубогінің іріктеу кезеңі аясында өтетін Қазақстан – Польша матчына қатысып, ел намысын қорғайды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Бұл кездесуде Рыбакинамен бірге Юлия Путинцева, Анна Данилина, Гөзал Айнитдинова мен Жанель Рүстемова күш сынасады. Қосалқы құрамда Аружан Сағындықова болады.
Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, Билли Джин Кинг Кубогы – ұлттық құрама тұрақты түрде қатысатын әйелдер арасындағы ең ірі халықаралық командалық теннис жарысы.