Среда, 27 ноября, 2024

Елена Рыбакина беделді халықаралық сыйлыққа ұсынылды

Уимблдон 2022 чемпионы және Australian Open 2023 финалисі қазақстандық Елена Рыбакина беделді Laureus сыйлығына үміткер болды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Қазақстандық теннисші — «Жыл серпіні» жүлдесіне үміткер алты спортшының бірі. Рыбакинадан басқа бұл номинацияға испандық Карлос Алькараз (теннис), футболдан Марокко құрамасы, америкалық Натан Чен (мәнерлеп сырғанау), нигериялық Тоби Амусан (жеңіл атлетика) және тағы бір америкалық спортшы Скотти Шеффлер (гольф) ұсынылып отыр.
Атап өтейік, Laureus World Sports Awards сыйлығы бір жылда үздік жетістіктерге жеткен спортшыларға беріледі.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған