Среда, 27 ноября, 2024

Елена Рыбакина қаңғыбас иттерге арналған қамқорлық орталығына қаражат аударды

Қазақстандық теннисші, Уимблдон-2022 чемпионы Елена Рыбакина қаңғыбас иттерге арналған қамқорлық орталығына қаржылай көмектесті, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

«Құрметті достар, бізге күтпеген жерден келген ерекше қуанышты жаңалықпен бөліспесек болмады. Елімізге ең танымал әрі талантты теннисші Елена Рыбакина бізге қиын сәтте қол ұшын созды. Кеше біз 10 тонна макарон сатып алдық. Қуанышымызда шек жоқ. Еленаға шексіз алғыс айтамыз», — деп жазылған «СтопОтлов» волонтерлік қозғалысының Instagram парақшасында.

Волонтерлік қозғалыс өкілдері Елена Рыбакинаға игі тілектерін білдірген. Сондай-ақ, теннисшіні қаңғыбас иттер орталығына шақырады.

Ал, спортшының қайырымдылыққа қанша қаражат аударғаны нақтыланбаған.

Спортшы жарыстан алған жүлде қорының бір бөлігін жануарларды қорғауға бағыттағысы келетінін мәлім еткен еді. Сондай-ақ, ол турнирдегі жеңісі үшін берілетін Қазақстан теннис федерациясының сыйақысын алудан бас тартты

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған