Теннисші Елена Рыбакина жанкүйерлерін Билли Джин Кинг кубогының іріктеу матчына шақырды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
«Бүгін Мемлекет басшысымен кездесуде болдым. Әрине, таңертең өте қобалжулы едім. Дегенмен, жалпы бәрі де жақсы өтті. Өзімнің алдағы жоспарларыммен, турнирлер туралы ақпаратпен бөлістім. Ертең Қазақстанда, осы астанада өнер көрсетеміз. Баршаңызды көргеніме қуанышты боламын. Әрине, жақсы өнер көрсетіп, жеңіске жетемін деп үміттенемін. Мұнан кейін де бүкіл командамызбен бірге жарқын жеңістерімізбен қуанта береміз», — деді Елена Рыбакина Ақордада Президенттің қабылдауынан кейінгі брифингіде.