Вторник, 26 ноября, 2024

Еліміз Палестинаға 38 мың тонна гуманитарлық көмек жөнелтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша еліміз Палестинаға қосымша гуманитарлық көмек көрсетеді.
Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл мәселе Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен Үкіметтік комиссия отырысында талқыланды.

Гуманитарлық көмекке жалпы салмағы 38 тоннадан асатын азық-түлік, төсек-орын жабдықтары, дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдар кіреді. Жүктер жақын арада әуе көлігімен жөнелтіледі.

Еліміздің қолдауы Газа секторында болған гуманитарлық апатты жағдайға байланысты Палестинаға көмек көрсетуге бағытталған.
Бұған дейін Қазақстан Палестина халқына 1 млн доллар көлемінде гуманитарлық көмек көрсетті.

ARDA-Aqparat

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған