Вторник, 26 ноября, 2024

Елімізде 14 қаңтарда сенат депутаттарының сайлауы өтеді

Қазақстанда 2023 жылғы 14 қаңтарда парламент сенатының депутаттарын сайлау өтеді. Мемлекет басшысы тиісті жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Arda-ақпарат Ақорда ресми сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының  2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 69-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаттары өкілеттіктерінің конституциялық мерзімі 2023 жылы аяқталатынына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаттарын сайлау 2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындалсын.

2. Қазақстан Республикасының үкіметі, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаттарын сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.

3. Осы жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», — делінген президент қаулысында.

 

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған