Вторник, 26 ноября, 2024

Елімізде 19 жылу электр орталығы қызыл аймақта тұр

Елімізде 19 жылу электр орталығы қызыл аймақта тұр. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

«Бүгінгі таңда елде 37 жылу электр орталығы жұмыс істейді. Оның 12-сі – коммуналдық меншікте (Астана, Ақтау, Семей, Қостанай, Кентау, Орал, Арқалық, Шахтинск, Қызылорда, Тараз қалаларында), үшеуі – квазимемлекеттік («АлЭС» АҚ) және 22-сі – жеке меншікте. 25 жылу электро орталығындағы негізгі отын – көмір, 11 жылу электр орталығында – газ және мазуттағы бір ЖЭО бар. 37 ЖЭО-да 190 бу қазандығы, 41 су жылыту қазандығы, 132 бу турбинасы және 5 газ турбинасы жұмыс істейді. Энергетика министрлігі 37 ЖЭО-ның техникалық жай-күйіне талдау жүргізіп, оларды тәуекел топтары бойынша санаттады және бірінші кезектегі іс-қимыл жоспарларын әзірледі. Мәселен қызыл аймаққа (жоғары тәуекел дәрежесі) 19 ЖЭО, сары (орташа тәуекел дәрежесі) 11 ЖЭО және жасыл (төмен тәуекел дәрежесі) 7 ЖЭО кірді», — делінген Үкімет басшысының жауабында.

Премьер-Министрдің жауабына қосымша ұсынылған анықтамаға сәйкес, тәуекел аймағына мына қалалардағы ЖЭО-лар кіреді:

Арқалық — 1, Кентау — 1, Қызылорда — 1, Орал — 1, Степногорск — 1, Теміртау — 2, Павлодар — 1, Ақтау — 1, Шахтинск — 1, Риддер — 1, Рудный — 1, Балқаш — 1, Жезқазған — 1, Өскемен — 1, Петропавл — 1, Семей — 1, Екібастұз — 1, Тараз — 1; сары тәуекел аймағындағылар: Алматы — 2, Павлодар — 1, Ақтау — 1, Қарағанды — 2, Текелі — 1, Шымкент — 1, Қостанай — 1, Атырау — 1; жасыл тәуекел аймағындағылар Алматы — 1, Орал — 1, Павлодар — 1, Астана — 1, Ақтөбе — 1, Астана — 1.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған