Қазақстанда өткен аптада 2734 қылмыс жасалды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, оның 1673-і тәулік ішінде ашылған.
«Тәртіп сақшылары «ізін суытпай» 14 кісі өлтіру, 5 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 1 қарақшылық, 37 тонау және 362 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», — деді Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек.