Четверг, 28 ноября, 2024

Елімізде дипломның орнына сертификат қолданылатын болды

Елімізде бұдан былай дипломның орнына сертификат қолданылады, деп хабарлайды Arda-ақпарат.

Кадрларға талап жұмыс берушілер тарапынан болғандықтан, олардың атқаратын міндеттерін де заң жобасында толық қарастырылған.

Жұмыс берушілер қазіргі таңда және ұзақ мерзімді болашақта сұранысқа ие кәсіптердің тізімін айқындайды. Сонымен қатар жұмыс берушілер ұсынған кәсіптер тізбесі өңірлік және салалық кеңестерде одан әрі толықтырылып, жинақталады. Содан салалық кәсіптер тізімі жасалады. Үшіншіден, салалық кәсіптер тізімі өз кезегінде мемлекет реттейтін және ол реттемейтін кәсіптер болып бөлінетін болады. Төртіншіден, белгілі бір кәсіптер бойынша жұмыскерлердің біліктілігіне, дағдылары мен құзыреттеріне қойылатын талаптар жұмыс берушілер жасалатын кәсіптік стандарттар түрінде бекітілетін болады, — деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.

Мемлекет реттейтін кәсіптер бойынша жұмыскерлерді сертификаттау міндетті болады. Бұл санатқа негізінен азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты мамандықтар, мысалы, дәрігерлер, өрт сөндірушілер немесе адвокаттар жатады.

Ал мемлекет тарапынан реттелмейтін кәсіптер үшін сертификаттау ерікті.

Әріптестіктің екінші жағы – кәсіптік білім беру жүйесі. Білім беру ұйымдары жұмыс берушілердің талаптарын ескере отырып, алдымен мамандықтар мен қызметтердің классификаторын жасайды. Одан кейін жұмыс берушілердің кәсіптік стандарттары негізінде білім беру бағдарламаларын дайындайды. Білім беру саласындағы уәкілетті орган білім беру бағдарламаларын, жұмыс берушілердің кәсіптік стандарттарына сәйкес келген жағдайда, мемлекеттік тіркеуден өткізеді, — деді ведомство басшысы.

Жұмыс берушілер мен кәсіптік білім беру жүйесі әріптестігінің нәтижесін тәуелсіз бағалау немесе сертификаттау жүйесін енгізу арқылы анықталады.

Тәуелсіз бағалаудан өткен түлектердің қолында нақты мамандығы бойынша кәсіптік даярлықтан өткенін растайтын диплом және алған білімдерін іс жүзінде қолдануға дағдыланғанын растайтын сертификат болады. Бір сөзбен айтқанда, сертификаты бар түлектерді жұмыс берушілер жұмыс өтілін талап етпей-ақ жұмысқа алуға мүмкіндік ашылады.

Сондай-ақ ерікті сертификаттаудан әртүрлі үйірмелер, тренингтер немесе өз бетінше оқу арқылы жұмысшы мамандығын игерген адамдар да өте алады. Бұл жағдайда сертификат жұмысшы мамандықтары бойынша жұмысқа қабылдау кезінде негізгі құжат бола алады

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған