Мәжіліс отырысы кулуарында Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова екі микроқаржы ұйымы екінші деңгейлі банкке айналуға ниет білдіргенін айтты, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Қазір елімізде екінші деңгейлі банкке айналуға ниет білдірген екі ірі микроқаржы ұйымы бар. Олар KMF және Solva микроқаржы ұйымдары. Оларда банкке айналуға мүмкіндік беретін капиталдың жеткілікті деңгейі бар, — деді М. Әбілқасымова.
Осы ретте ол жаңа банктерді ашу талаптарын ырықтандыру мақсатында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банк жүйесі туралы заңнамаға түзетулер әзірлегенін айтты. Түзетулер қабылданғаннан кейін екінші деңгейлі банктерді ашуға ниет білдіретіндер көбеюі мүмкін.