Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованың сөзінше, былтыр тексеру жүргізілген кезде коллекторлық агенттіктер тарапынан көптеген бұзушылықтар анықталған, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Бұл туралы ол Мәжіліс кулуарында айтты.
«Коллекторлар бопсалау мен жымқыруды қолданған жағдайда мұндай әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілетін болады. Тиісті заңнамалық түзетулер әзірленіп, мемлекеттік органдарға жолданды. Заң жобасы әзірленді. Парламенттің осы сессиясына қатысып, биыл қабылданады деп ойлаймын», — деді ол.
Оның айтуынша, бұл шаралар қаржылық қызметтерді, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған.