Вторник, 26 ноября, 2024

Елімізде қымыз өндірісі 9,2 пайызға азайды

2022 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша қымыз өндірісі 9,2%-ға төмендеген, деп жазады ARDA-AKPARAT.

Ақпаратқа сәйкес, былтырғы қаңтар-қараша айлары аралығында республикамызда 1520 тонна қымыз өндірілген. 2021 жылдың сәйкес кезеңінде ұлттық сусын өндірісі 154 тоннаға артық болған.

«Шұбат өндірісі 7,8%-ға артты. Өткен жылдың 11 айында түйе сүтін өндірушілер 2 644 тонна шұбат алды. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 191 тоннаға артық», — делінген хабарламада.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған