Понедельник, 25 ноября, 2024

Елімізде сейсмикалық қауіп жағдайларын болжайтын жаңа ғылыми орталық құрылады

Қазақстанда «Сейсмология институты» мен «Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция» серіктестіктері біріктіріледі. Тиісінше, оған «Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» атауы берілмек, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

«Заңнамада белгіленген тәртіппен «Сейсмология институты» ЖШС мен «Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция» ЖШС біріктіру жолымен жарғылық капиталында мемлекеттің 100 пайыз қатысуымен «Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып қайта құрылсын», — делінген «Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Үкімет қаулысында.

Жаңа ұлттық ғылыми орталықтың негізгі қызмет бағыттары — күшті жер сілкіністерін ғылыми болжау, ірі елді мекендер мен стратегиялық объектілерде сейсмикалық қауіпті бағалау, сондай-ақ ел аумағында сейсмикалық қауіпті аймақтарында кешенді сейсмологиялық мониторинг жүргізу.

Үкіметтің баспасөз қызметінен мәлімдегендей, аталған қаулы 2022 жылы 21 желтоқсанда қолданысқа енгізілген.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған