Қазақстан бокс құрамасында допинг дауы туып, екі үздік спортшы жарысқа қатысудан шеттетілді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Қазақстан Ұлттық допингке қарсы орталығы Саматәлі Төлтаев пен Серік Абзалды шеттетілген спортшылар тізіміне қосты.
Құраманың 1 нөмірі Саматәлі Толтаев анаболикалық стероидты қолданғаны анықталса, Серік Абзал метастеронды қолданғаны белгілі болды.
Саматәлі Толтаев 2026 жылдың наурыз айының соңына дейін, Серік Абзал 2026 жылдың 7 сәуіріне дейін шеттетілді.