Среда, 27 ноября, 2024

Еліміздің туристік әлеуетін пайдалану керек — президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт халыққа кезекті Жолдауында отандық туризм туралы айтты, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

«Еліміздің туристік әлеуетін де пайдалану керек. Туризм осындай серпінді жобалар қатарында болуға тиіс. Өкінішке қарай, осы маңызды саладағы жұмыс дұрыс атқарылмай жатыр, еліміз басқа мемлекеттермен салыстырғанда артта қалып келеді.

Жалпы, кемінде 15 ірі жобадан тұратын нақты тізім дайындалуға тиіс. Осы салада бұрын болған қателіктерді қайталауға болмайды. Жобаларды тиімді қолдау шараларын және оларды орындау мерзімдерін нақты айқындау керек. Оны іске асыруға шетел инвесторларын және еліміздің бизнес өкілдерін барынша тартқан жөн», — деді Президент.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған