Биыл жылдың басында Астанада «Елорда жастары» ипотекалық бағдарламасын іске асыру үшін 1 млрд теңге, ал «Сатып алу құқығынсыз жұмыс істейтін жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасын іске асыру үшін 18 млрд теңге бөлініп отыр, деп жазады ARDA-AKPARAT.
Бағдарлама Астана қаласында жұмыс істейтін жастарды қолдауға бағытталған.
Бөлінген қаражат мөлшері мәслихаттың кезекті сессиясында бекітілді, оның барысында 2023-2025 жылдарға арналған бюджет талқыланды.