Среда, 27 ноября, 2024

Елордада мектеп директоры пышақ жарақатымен ауруханаға түсті

Пышақ жарақатын алған астаналық мектеп директоры ауруханада жатыр, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Астана қалалық Денсаулық сақтау басқармасы пациенттің қазіргі жағдайы туралы мәлімет берді.

«26 ақпанда жедел жәрдем бригадасы пациентті №2 қалалық көпбейінді ауруханасына жеткізді. Жағдайының ауырлығын ескере отырып, пациент шұғыл түрде емдеу үшін кеуде хирургиясы бөліміне жатқызылды. Сол күні оған операция жасалды. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы қанағаттанарлық, операциядан кейінгі кезеңге сәйкес келеді», — делінген ресми хабарламада.

Басқарманың ақпаратынша, науқас диагностика және емдеу хаттамасына сәйкес толық көлемде ем алып жатыр.

Сондай-ақ, қалалық Білім басқармасының баспасөз қызметі бұл науқастың мектеп директоры екенін растап отыр.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған