Четверг, 28 ноября, 2024

Елордада мүгедектігі бар балалар спортпен тегін шұғылдана алады

Астана қаласы әкімдігінің «Балалар – жасөспірімдер спорт мектебі, мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектебі» КММ басшысы Азамат Тағаев брифингте мектепте қандай спорт түрлерімен тегін айналысуға болатынын айтты, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Қазіргі уақытта мектепте паралимпиадалық, сурдлимпиадалық және паралимпиадалық емес 17 спорт түрі бар, — деп айтты мектеп басшысы.

Олар:
— волейболды отырып ойнау;
— үстел теннисі;
— дзюдо;
— жеңіл атлетика;
— жүзу;
— сомдалу;
— таеквондо;
— оқ ату;
— футбол;
— грек-рим күресі;
— еркін күрес;
— арбамен билеу;
— пара-каратэ;
— қол күресі;
— дойбы;
— шахмат;
— тоғызқұмалақ.

2023 жылға арналған барлық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама командасының тізімінде мектебіміздің 130 спортшысы бар. Ол 2022 жылмен салыстырғанда 42 спортшыға өсті. Мектебімізде жалпы 400-ден астам спортшыбар. Оның ішінде 159 спортшының тірек-қимыл аппараты зақымдалған, 71 спортшының көру қабілеті төмен, 169 спортшының есту мүшесі зақымдалған және 5-еуі жұп спортшылар, — деп айтты Азамат Тағаев брифингте.

Айтуынша, мектеп спортшыларының қатарында спорттық дәрежелі 246 спортшы бар. Олармен 30-ға жуық жаттықтырушы-оқытушы жұмыс істейді.

Мектепте тегін спортпен шұғылдану үшін 7-11 жас аралығындағы балалар жазыла алатынын еске сала кетейік.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған