Среда, 27 ноября, 2024

Елордалық өрт сөндірушілер 26 адамды құтқарды

Астанада пәтер өртеніп, 26 адам құтқарылды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

21 ақпанда сағат 12-26-да Астана қаласы ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері Сарыарқа ауданы, Қосшығұлұлы көшесі, 22/1 мекенжайына шықты. Өрт сөндірушілер келгеннен кейін екінші қабаттағы пәтерде 25 шаршы метр аумақта жиһаз бен үй заттары жанып жатқаны анықталды.

Елордалық өрт сөндірушілердің күшімен өртті сөндіру барысында құтқару маскалары мен автокөлік сатыларының көмегімен 26 адам құтқарылды, оның ішінде 13 бала және 125 адам эвакуацияланды. Жедел жәрдем бригадасы мен Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері ауруханаға одан әрі тексеру үшін 6 адам, оның ішінде 3 бала жеткізілуде. Өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД жеке құрамының 18 адамы және 4 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған