Четверг, 28 ноября, 2024

Елордалық полицей өз-өзіне қол салмақ болған азаматты құтқарып қалды

Елордалық полицей өз-өзіне қол салмақ болған азаматты құтқарып қалды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Түнгі уақытта «102» пультіне қала тұрғыны жүгініп, ұлының пәтерде жанжал шығарып, 8 қабаттың балконынан секіремін деп қорқытып жатқанын хабарлаған.

Сарыарқа ауданы полиция басқармасының жедел-тергеу тобының қызметкерлері оқиға орнына келгенде ер адамның іштен жабылып алғанын анықтады.

Анасы оны көндіруге тырысып, ұлымен келіссөздерге бірінші болып барған, алайда ол өзін агрессивті ұстап, оны тыңдағысы келмеген. Онымен сөйлескеннен кейін әйел пәтерге кірген, алайда ер адам айқайлап, терезеге қарай жүгірген.

Криминалист полиция капитаны Сугур Макаров бөлмеде жарықтың жоқтығын пайдаланып, әйелдің соңынан бөлмеге кірген. Жанжалқордың назары басқа жаққа ауған сәтті пайдаланып, полиция қызметкері оның артынан балконға жүгірген. Бірақ жүгіріп келе жатқан полиция қызметкерін байқаған ер адам, балконның терезесіне мініп кеткен. Капитан Макаров ер адам секіріп бара жатқан сәтте оның белбеуінен ұстап алған. Тәртіп сақшысы оны қайтадан балконға тартып кіргізуге тырысқан, бірақ ер адам жұлқынып, полицейді көйлегінен ұстап, өзінің салмағымен оны төмен қарай тартқан. Полицейдің әріптестері көмекке жүгіріп келіп, ер адамды пәтерге тартып кіргізген.

Оған психологиялық көмек көрсетілді. Елорданың 33 жастағы тұрғынын мұндай әрекетке не итермелегенін полицейлер анықтап жатыр.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған