Enbek.kz электрондық еңбек биржасы алаңында тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының бос жұмыс орындарының республикалық онлайн-жәрмеңкесі басталды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Жәрмеңкеге еліміздің түрлі өңірлерінен «Алматы ауыр машина жасау зауыты» АҚ, «KSP Steel» ЖШС, «Ремстройтехника» АҚ, «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС және басқа да 20-дан астам ірі жұмыс беруші қатысады. Жәрмеңкеде әр түрлі мамандықтар бойынша 680-нен астам бос жұмыс орны ұсынылады.
Жәрмеңке барысында жұмыс берушілер өз компанияларының онлайн-таныстырылымын өткізеді, қолда бар бос жұмыс орындарын ұсынады және ең қолайлы кандидаттардың жеке базасын қалыптастырады. Өтініш берушілер өз кезегінде ұйымдардың HR-менеджерлерімен сөйлесе алады, әңгімелесуден өтіп, оларға қызықтырған сұрақтарын қоя алады, сондай-ақ «Сынақ мерзімін қалай сәтті өтуге болады» және «Жұмысқа басқа үміткерлерден қалай ерекшеленуге болады» вебинарларына қатыса алады.
Іс-шараға қатысу үшін ЭЕБ порталындағы Tanda.Enbek арнайы бөліміне кіру керек, онда жұмыс іздеушілер жұмыс берушілер туралы қысқаша ақпаратпен танысып, қолжетімді бос жұмыс орындарын қарап, оларға жауап бере алады.