Среда, 27 ноября, 2024

Енді мемлекеттік қызметкерлер журналистер сауалына 3-5 күнде жауап беруге міндетті

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі мемлекеттік қызметкерлердің журналистерге жауап беру мерзімі қысқаратынын мәлімдеді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

«Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі заңға да түзетулер әзірленді. Ұсынылған өзгерістер азаматтардың ақпаратқа қол жеткізу құқығын заңсыз шектеген мемлекеттік органдардың жауапкершілігін күшейтеді. Енді журналистің сауалына жауап беру мерзімі қысқарады. Қазір 7 күн болса, енді ол 3-5 күн болып қысқарады», — деді министр.

Министрдің айтуынша, бұл ақпарат жағынан ашық болуды арттырумен қатар, жауапкершілікті де күшейтеді.

«Сонымен бірге ақпараттық қауіпсіздік доктринасы іске асады. Доктринаның негізгі міндеті – отандық медиа кеңістіктің бәсекеге қабілетін арттыру және елдің ақпараттық дербестігін қамтамасыз ету», — деді Дархан Қыдырәлі.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған