Четверг, 28 ноября, 2024

Енді қазақстандықтар сенімхатты онлайн-режимде рәсімдей алады

Мұндай сенімхат «Цифрлық құжаттар» сервисінде қолжетімді және оны талап ету орнына ұсынуға болады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Бұл туралы Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин Facebook-тегі парақшасында жазды. Айтуынша, сенімхат ресімдеу үшін қосымшаға кіріп, нотариусқа бейнеқоңырау шалу жеткілікті.

Мен бір жолы шетелде кезекті іс-сапарда жүрген кезде бір мәселемен бетпе-бет келдім: баланы атасымен бірге басқа қалаға жіберу қажет еді, бірақ мен сенімхат рәсімдей алмадым. Мұндай жағдайлар көп адамға таныс деп ойлаймын, алайда енді қазақстандықтар сенімхатты онлайн-режимде рәсімдей алады. Бүгін Әділет министрі Азамат Несіпбайұлымен жаңа сервис – Цифрлық нотариаттың таныстырылымын өткіздік, ол eGovMobile ұялы қосымшасы арқылы нотариалды түрде куәландырылатын сенімхаттарды онлайн форматқа ауыстыруға мүмкіндік береді. Оны шетелде жүрген азаматтар да пайдалана алады. Ол үшін қосымшаға кіріп, нотариусқа бейнеқоңырау шалу жеткілікті, — дейді ол.

Министр болашақта мұндай қызмет екінші деңгейлі банктердің қосымшаларында да пайда болатынын айтты.

Мұндай сенімхат «Цифрлық құжаттар» сервисінде қолжетімді және оны талап ету орнына ұсынуға болады. Бұл ретте, аталған жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, Үкіметтің «цифрлық» бастамалары аясында әзірленгенін атап өткім келеді, — деп түйіндеді Мусин.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған