Вторник, 26 ноября, 2024

«Ендігі мақсатым – олимпиада ойындарында медаль алу»: Ризабек Айтмұхан жеңісі туралы

Сербия астанасы Белградта өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатында еліміздің атынан тұңғыш рет алтын жүлде алып, топ жарған Ризабек Айтмұхан ендігі мақсаты Олимпиада ойындарында жеңіске жету екенін айтты, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Ұлттық құрама спортшысы өзіне жеңістің оңайлықпен келмегенін атап өтті.

«Құттықтап жатқан қазақ еліне рақмет! Әлем чемпионы атану үшін 9 жыл еңбек еттім. Еңбегім ақталды. Бұл менің 92 келі салмақтағы соңғы жарысымның бірі. Келесі бәсекеден бастап Олимпиада бағдарламасына кіретін 97 кг дейінгі салмаққа ауысамын. Ендігі мақсатым – олимпия ойындарында медаль алу», — деді 19 жастағы атлет.

Еске салсақ, кеше еркін күрестен 92 кг дейінгі салмақтың финалында Ризабек əзербайжандық Осман Нурмагомедовпен күш сынасып, 5-2 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған