Среда, 27 ноября, 2024

«Ендігі үмітім — Жоғарғы сотта»: аппеляциялық сотта ісі қаралған Б.Хаменова мәлімдеме жасады

Бақытгүл Хаменова аппеляциялық сот шешімімен келіспейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

«Әділетті Жаңа Қазақстандағы соттың сиқы осы, өкінішке орай. Аппеляциялық соттың шешімі — Жаратушының үкімі емес. Жоғары сотқа жүгініп, әділдікке жетеміз бұйырса. Қолдап келген баршаға, жылы сөздерін арнап жатқан иісі қазаққа рахмет» — деп жазба қалдырды Бақытгүл Хаменова әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сондай ақ, Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменова өңірдегі судьялардың дербес, әділ шешім шығаруда ешқандай билігі жоқ екендігін атап өтті.

«Өңірдегі құқық қорғау органдарына​ сенің ақиқатыңның құны көк тиын. Менің ешкімім жоқ. Оны бәрі біледі. Ендігі үміт тек Жоғарғы сотта. Адамның сотынан құтылғанмен, Алланың сотынан ешкім құтылмайды. Мен өзімнің шындығымды, ақтығымды дәлелдеу үшін соңына дейін күресемін» — деді Бақытгүл Хаменова журналистерге берген сұхбатында.

Айта кетейік, бүгін Атырау облыстық соты апелляциялық шағымды қайта қарап, басқарма басшысы мен жеке серіктестік директорының жазасын қысқартты. Яғни, А.Рысқалиевке тағайындалған жаза 2 жылға дейін, У.Адамовқа қатысты тағайындалған жаза 1 жыл 6 айға дейін бас бостандығынан айыруға төмендетілді.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған