АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға келді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Мәртебелі мейман сапар аясында Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен екіжақты келіссөздер өткізді. Сонымен қатар ол еліміздің бас қаласында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездеседі деп жоспарланған.
Энтони Блинкен сапар барысында жоғары лауазымды тұлғалармен кездесулерден бөлек, Орталық Азиядағы бес республикасының өкілдерімен «С5+1» форматындағы министрлер кездесуіне қатысады.
Жалпы, «С5+1» форумы АҚШ, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан арасындағы экономикалық, энергетика, қоршаған орта және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға баса назар аударады.