Ер адам әйел ретіне танысып, қарағандылықты 350 000 теңгеге алдап кеткен, — деп хабарлайды Ard-ақпарат.
Қарағанды қаласы ПБ Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне 33 жастағы қала тұрғыны жүгінген. Ер адам оны бір әйел алдап, 350 мың теңгесін иемденіп алғанын айтқан.
Жәбірленуші ғаламтор желісінде романтикалық кеш өткізуге уәде берген ханыммен танысқаны белгілі болды. Кенеттен пайда болған әйелге деген қызығулышығы ол суреттерін жіберген кезде арта түсті. Бірақ, ер адам көрсетілген есепшотқа белгілі бір соманы аударған жағдайда, кездесу өтуі мүмкін болып шықты. Белгісіз әйел киім сатып алып, өзін ретке келтіруі керек екенін және ол үшін ақша қажет екенін айтады.
Кездесуді асыға күтіп, ер адам әйелге 350 мың теңге жіберген. Сол уақыттан кейін әйел байланысын тоқтатқан. Алаяқтық құрбаны болғанын түсінген ер адам полицияға жүгінген.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері жәбірленушімен хат жазысып жүрген адамды ұстады. Ол 28 жастағы жігіт болып шықты. Ол жәбірленушіні алдап, әйел ретінде танысқанын мойындады. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полицейлер күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтап жатыр.