Среда, 27 ноября, 2024

Ерлан Қарин Германия Парламентінің депутаттарымен кездесті

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен перспективасын қамтыған ауқымды мәселелерді талқылады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT Ақордаға сілтеме жасап.

Ерлан Қарин Бундестаг депутаттарын елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалардың мән-мазмұнымен және алдағы Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлаудың ерекшеліктерімен таныстырды.

Өз кезегінде Германия Парламентінің делегациясы Қазақстандағы саяси жаңғырудың жүйелі жүзеге асып жатқанын жоғары бағалап, еліміздің демократиялық өзгерістерге бастаған жолына табыс тіледі.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған