Четверг, 28 ноября, 2024

Кенесары ханның Құран кітабы ҚМДБ-ға табысталды

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Кенесары ханның Құранын ҚМДБ-ға тапсыру рәсіміне қатысты, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Бүгін Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасына сәйкес, Кенесары ханның Құранын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына салтанатты түрде табыстау үшін арнайы келіп отырмын, – деді Қарин сөз басында.

Ол сондай-ақ Мемлекет басшысы Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында Марал ишанның Кенесары ханға сыйлаған Құраны табылып, елге қайтарылғанын сүйіншілегенін еске салды.

Атақты Марал ишан мен Кенесары ханнан мирас болып жеткен Құранның халқымыз үшін қастерлі дүние екені ақиқат. Сондықтан оны көзіміздің қарашығындай сақтап, болашақ ұрпаққа аманаттау — маңызды міндет, – деді Мемлекеттік кеңесші.

Айта кетейік, Құранда Марал ишанның және Кенесары ханның мөрі бар. Жәдігерге жан-жақты сараптама жасалды. Отандық және шетелдік ғалымдар Құранды мұқият зерттеді. Құранның, расында, Марал ишанға тиесілі болғаны және Кенесары ханға берілгені анықталды.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған