Танымал әнші Ернар Айдардың концерті кезінде қызық оқиға болды. Әнші бұл туралы Instagram-парақшасында жариялаған, — деп хабарлайды Arda-ақпарат.
Концертте Ернарайдар Серікұлы есімді кішкентай бала сахнаға шыққан. Әнші оған тілегін айтып, ақ костюмін сыйға тартқан. Оның үстіне, балақай дайындалып шыққан. Кішкентай кезіндегі суретін, үстіне Ернарайдар деген жазуларды жабыстырып алған әрі туу туралы куәлігін де ала келген.
«Не деген дайындық, міне қызық,
Серікұлы Ернарайдар таңғалдырды.
Концертім кереметке күшті ұласып,
Таныстым бауырыммен мықтыға асық.
Үстіне шапанымды жаптым сосын,
Құшақтап, қолымызды қысқыласып!
Атыңды Ернарайдар деп қойыпты,
Мендей емес, менен де түскін асып», — деп жазған әнші Желіде.