Среда, 27 ноября, 2024

«Ет жеп, күш жинадық». Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық атағын қорғауға аттанды

Орта салмақта WBO чемпиондық атағына ие отандасымыз Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) чемпиондық атағын қорғау үшін АҚШ-қа аттанды.Бұл туралы боксшының PR-менеджері Берік Сұлтан хабарлады, деп жазады ARDA-AKPARAT.

Ал, ағайын чемпиондық титулды қорғау үшін Америкаға ұшып барамыз! Ет жеп салмақ қосып( ), күш қуат жинап алдық! Бұйыртса көк ту желбіреген күнде жолығайық!, — деп жазды ол.

Айта кетейік, осыған дейін WBO ұйымы Жәнібекті британдық боксшы Лиам Смитпен (33-3-1, 20 КО) жұдырықтасуға міндеттеген еді. Қос тарап 20 күн ішінде келісімге келуіне уақыт берген. Егер белгіленген мерзімде келісімге қол жеткізілмесе, комитет WBO тұжырымының әлем чемпионаттары ережелеріне сәйкес жекпе-жек құқығын сатуға  кіріседі.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған