Кәсіпқой бокс жұлдызы Геннадий Головкин Солтүстік Ирландияға қарсы кездесуде Қазақстан құрамасына жанкүйер болады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Боксшы Еуро-2024 іріктеу кезеңінің келесі матчы алдында жанкүйерлеріне үндеу тастады.
«Жақында үйде боламыз. 10 қыркүйекте командамызды бірге қолдау үшін футболда кездескенше», — деп жазды боксшы Instagram парақшасында.
Матч Астанада өтеді, пост бір сағатта 20 мыңнан астам лайк жинады.