Португалия құрамасы және Англияның «Манчестер Юнайтед» клубының ойыншысы Криштиану Роналду футболдан әлем чемпионаты финалдық сатысына бесінші мәрте қатысады, деп хабарлайды arda-aqparat.
Әйгілі футболшы Португалия құрамасының 2022 жылғы Қатарда өтіп жатқан әлем чемпионатына баратын тізіміне енгізілді. Осылайша 37-жастағы ойыншының өз мансабында бесінші мәрте дүбірлі додаға қатысуына мүмкіндік туып отыр.
Айта кетсек, H тобында сынға түсетін Португалия 24 қарашада Гана, 28 қарашада Уругвай, 2 қарашада Оңтүстік Корея құрамаларымен кездеседі.
Бұрынғы жылдарда мұндай мүмкіндікке мексикалық Антонио Карбахаль (1950-1966) мен Рафаэль Маркес (2002-2018), германиялық Лотар Матеус (1982-1998) ие болған еді. Ал итальяндық қақпашы Джаинлуиджи Буффон бес турниге қатысқанмен, оның төртеуінде ғана жасыл алаңға шықты.