Среда, 27 ноября, 2024

Ғасыр жасаған кейуана

Ғасыр жасаған кейуана Қарағанды облысында Нұра ауданында тұрады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

«106 жасында Тұмар Ысқақова өз бетінше үйден шығып, серуендеп, кітап оқиды және тігін тігеді. Ол Шет ауданында дүниеге келген, тұрмыс құрғаннан кейін Нұра ауданы Кертінді ауылына көшіп келген. Кейуана ауыр жұмысқа ерте жастан бейім, далада жұмыс істеген және мал баққан. Ұлы Отан соғысы кезінде ауылдастарымен бірге майданға сәлемдемелер жинап, сарбаздарға шұлықтар мен жылы заттар тоқыды» — делінген хабарламада.

Тұмар әжейдің 4 немересі, 8 шөбересі бар. Жалпы Қарағанды облысында ғасырдан астам ғұмыр жасаған 21 қария бар.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған