Газиантеп қаласының тұрғындары қазақстандық құтқарушыларға зілзала салдарын жоюға көмектескені үшін алғыс айтуда, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
«Бауырлас қазақ халқына және Қазақстан Республикасына біздің Газиантеп қаласының тұрғындарына көмектескені үшін алғыс айтқым келеді. Қазақстаннан келген құтқарушылар Газиантепке келген соң бірден жұмысқа кірісіп, үйінділерді тексеруді, зардап шеккендерді құтқаруды жалғастыруда. Мен осы екі қираған ғимараттың бірінің тұрғынымын, қираған үйден шығып үлгеріп, жаным аман қалды. Қазақстандық құтқарушыларға алғыс айтқым келеді. Алла разы болсын», — деді Газиантеп тұрғыны.