Четверг, 28 ноября, 2024

Генерал Серік Күдебаевтың ұлы күтпеген мәлімдеме жасады

Генерал Серік Күдебаевтың ұлы Арман Мырзақұлов видеоүндеу жасады, — деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Мырзақұловтың сөзінше, Күдебаев ұлдарының біріне хабарласып, елге өзі келетінін айтыпты-мыс.

«Мен Серік Күдебаевтың екінші ұлымын. Түнде кенже інім Асанбекке әкем хабарласып, «еліме қайтып бара жатырмын, мен сендерді жақсы көремін, еліме өзім ораламын. Мен қазір хабарластым, мені қазір алып кетеді» деп айтыпты. Бұқаралық ақпарат құралдарында ұсталды деп жазып жатыр», — дейді Арман Мырзақұлов.

Еске салайық, бұған дейін генерал Серік Күдебаев Бішкектен Ыстамбұлға ұшып кеткені хабарланған болатын. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев мәлімдеді.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған